10 сәуір 2019 жылы «Абай оқулары» аудандық кезеңі кітапханада өтті. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының поэзиясына арналған байқауға аудандық және ауылдық мектептерден оқушылар қатысты. Ақын Абайдың шығармаларын жатқа оқу арқылы оқушылар мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген құрметін білдірді. Сайыс үш кезеңнен тұрды: 1-кезең ақын өлеңдерін жатқа оқу, 2-кезең әндерін шырқау және 3-кезеңде оқушылар шығарма жазды. Осы күні «Абай атындағы» мәнерлеп оқу сайысы да өткен болатын.
Біздің мектептен 7- сынып оқушылар Глухих Евгенья мен Альбекова Амина, 8-сынып оқушысы Ражапова Айгерім және 9-сынып оқушысы Алпыспабева Мадина қатысты. Евгенья мен Амина Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақша шырқады. Айгерім шығарма сайысына қатысса, Абай өлеңдерін жатқа айтудан Мадина ерекше көзге көрініп, 2-орынға ие болды. Ол мақтау қағазы мен сыйлық иегері атанды. Және мәдениет бөлімі атынан мәнерлеп оқу сайысына қатысқаны үшін де Алғыс хатпен марапатталды.
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Рахметова Э.Е., Альбекова Л.К. және Бимагамбетова Ж.О. дайындады. Қыздарымызға осындай жылда өтетін дәстүрлі мәнерлеп оқу сайыстарында өз өнерлерін көрсетіп, алдан көріне беріңдер демекпіз!