«Адалдық алаңы» жобасы «Дайындық негізгі мектебі» КММ-да.
Жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.
«Адалдық дүкенінде» оқушылар мен мектеп қызмекткерлері өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек.Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.
Мұндай дүкендерді ашу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау