Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім

16.05.2019 жылы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Мағжан оқуларының аудандық кезеңі өтті.
Біздің мектептен 9-сынып оқушылары Кузнецова Валентина мен Маркелова Карина қатысты. Аудандық кітапхананың оқу залында өткен шығармашылық кешті аудандық білім бөлімінің әдіскері Раиса Кеңесовна құттықтау сөздерімен бастады.
Оқушылардың барынша дайындалып келгендері байқалды. Валентина Мағжан Жұмабаевтың 30 өлеңін жатқа оқыды. Әр өлеңін айтқан кезде мағынасын тыңдаушының жүрегіне жеткізе білді. Мағжан өлеңдерін жатқа айту кезеңінде Валентина «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болып, мадақтама және сыйлықпен марапатталды.  Кеш соңында Маркелова Карина  М. Жұмабаевтың «Мен жастартарға сенемін» өлеңін жаңаша форматта орындап, тыңдаушыларды таң қалдырды.
Шығармашылық кеш өте әсерлі өтті. Оқушыларды сайысқа дайындаған Смирнов №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рахметова Эльмира Ельтаевна .
Мектебімізде білімді әрі талатты балалар көп болсын демекпіз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь