ТАНЫСУ КЕШІ
Жаңа оқу жылы болғандықтан №3 Смирнов орта мектебіне әр түрлі аудандардың түпкір – түпкір ауылдарынан жаңа оқушылар келді. Соларға арнап 19.09.2019ж сағат 17:00 де «Танысу кешін» өткіздік. Кещ ІІІ – кезеңнен құралды.
І- кезең Таныстыру. Бұл кезеңде оқушылар өздері туралы айтты.
ІІ – кезең Өз өнерлерін көрсету. Осы кезеңде әр сыныпқа келген оқушылар өз өнерлерін мейлінже жақсы көрсетуге тырысты. Бірі өлең оқып, домбыра тартып, би билесе, ал енді бірі өзінің ішінен шыққан қуанышы мен мұңын 1 парақ қағазға жазып ортаға салды.
ІІІ – кезең Ойлан тап
Тапсырмалары:
Жауабы(желсіз түнде жарықай)

Жауабы (қара жорға болмаса бидің сәні келеме?)
Жауабы (шеше, шеше неше кесе сынды кеше) т.б
Бұл кештің мақсаты жаңа келген оқушыларды жылы ұямыздың тату ұжымына тез сіңісіп кетулеріне көмектесу.
Осы шағын мереке қызықты өтті. Соңында оқушыларға арналған 30 минттық би алаңы болды.
Танысу кеші
І- жүргізуші.
Армысыздар қадірменді халайық
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп
Баршаңызға сәлем бердік халайық! (2 жүргізуші бірге)
ІІ – жүргізуші. Бүгін бізде ерекше кеш, себебі мектебімізге жаңадан оқушыларды қабылдағалы тұрмыз.
І- жүргізуші.
Бүгінгі кеш сендер үшін көңіл тебірентерлік сәт . Себебі алда сендерді жаңа достар мектеп өмірінің қызықты сәттері күтіп тұр
ІІ – жүргізуші Ғылым болып даналықпен көктерсі
Оқысаң сен адалдыққа жетерсің.
Шырақ болып қалғың келсе өмірде.
Лаулап , лаулап биіктерге жетерсің!
І- жүргізуші Мектебімізідің тарихы 1992 жылдан бастау алады. 19 жыл ішінде 200 жуық түлек ұшып Республикамызддың түпкір-түпкірінде әр түрлі салада қызмет атқарып жүр. Қазіргі таңда мектебімізде факультативтер, робототехника, домбыра үйірмелері, күрес, волейбол каратэ спорт секциялары жұмыс істейді. Оқушыларымыз аудандық, облыстық, Республикалық байқауларға жарыстарға қатысып жүлделі орынға ие болуда. Абай оқулар Мағжан оқулары, ән байқауының жеңімпаздары осы алтын ұямыздан түлеп ұшып және қазіргі таңда да осы байқауларға қатысып мектебіміздің абыройын көтеріп жүр.
І- жүргізуші.
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Садвокасов Серғазы Уалиұлына беріледі!
ІІ – жүргізуші. Кештің жоспарын атап өтейін
І – ші кезең Таныстыру
ІІ- ші кезең Өз өнерлерін көрсету
ІІІ кезең Ойлан тап (3 сурет. 1 общ)
І- жүргізуші Олай болса, ортаға достарымызды шақырайық
ІІ - Жүргізуші таныстыру кезеңімізді бастайық (әр қайсысы ортада таныстырады)
І – жүргізуші 2 кезеңге дайындалуға уақыт береміз.
Ән. Данара и Томерис (Әсем ән)
(Өз өнерлерін көрсетеді)
Ортамызға .... шақырамыз (музыка)
ІІ жүргізіші
ІІІ кезеңіміз Ойлан тап
Ортамызға барлық қатысушыларды шақырамыз (музыка)
І- жүргізуші Рахмет жарайсыздар!
Құттықтау сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Умбетова Жайнагүл Макеновнаға беріледі.
ІІ- жүргізуші
Құрметті оқушылар, Ұрпақтан ұрпаққа берілетін ант қабылдау рәсімі.
Сол себепті тік тұрып келесі сөздерді қайталауға дайын болыңыздар.
І-жүргізуші
Мектебіміздің оқушылары бола тұрып ұқыпты, тәртіпті, адал болуға ант етемін.
Ант етемін !
ІІ-жүргізуші
мектеп формасын таза ұстап, қоғамдық жұмысқа белсене араласуға, Смирнов № 3 орта мектебінің мәртебесін биік ұстауға ант етемін.
Ант етемін !
Ант етемін !
Ант етемін !
І-жүргізуші
Ант бердік,яғни ант қабылдадық. Енді сіздер мектебіміздің толық қанды оқушыларысыздар. Құттықтаймыз.
ІІ-жүргізуші
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Аңыз бен ертегідей бізге жеткен
Керемет қазақ әнін қарсы алайық .
Келесі кездескенше сау болыңыздар
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау