Меню KDT

введите текст

введите текст

Білімді ел

введите текст

block2_eop.png?_=1495528991
<

введите текст

введите текст

Жалпы мектепішілік ата - аналар жиналысы

Біздің мектебімізде, яғни Смирнов №3 орта мектебінде 7 қараша күні «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында  жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы өтті.

Жоспары:

  1. Жиналыстың ашылуы. Мектеп директоры С.В. Садвокасов

Мектебіміздің директоры  осы жылдың алғашқы  жиналысын өзі бастады.

  1. 1 – тоқсанның қорытындысы. Оқу ісінің меңгерушісі А.Б. Бекмурзенова

Аяқталған тоқсанның қорытындысын диаграмма түрінде белгілеп пайызбен көрсетіп түсіндірді.

  1. Республикалық «Мектепке жол» акциясының қорытындысы. Мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.

«Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы бойынша ақпарат

1 шілдеден 30 қыркүйек аралығында мектебімізде республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Мектебіміздің 28 мұғалімі бекітілген шағын участкілерді тексеріп шықты. Нәтижесінде мектеп жасындағы балардың барлығы оқумен қамтылған. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысулары тексеріледі. Себепсіз сабақ босатқан оқушылар жоқ. Елді мекендердетұратын оқушыларды мектепке әкелу және мектептен әкету ұйымдастырылған.

9 көп балалы отбасы оқушыларына бекітілген мекеме басшылары және 2 әлеуметтік тұрғыдан көмек қажет ететін отбасы оқушыларына ұстаздар қауымы мектепке қажетті оқу – құралдарын акция барысында сыйға тартты. Нақты 68 230 теңгеге көмек көрсетілді. Мектеп табалдырығын енді аттаған бірінші сынып оқушыларына 42 300 теңге рюкзак пен оқу – құралдары әпетілді.

Бүгінгі күні мектебімізде 1 – 11 сыныптар аралығында 241 оқушы, мектеп алды даярлық тобында 14 бала тәрбиеленуде. Осы оқушылардың арасынан 65 оқушы жаппай оқыту қорынан тегін тамақтанады. 2 және 3 сабақтардан кейін 15 минуттық үлкен үзілістер ұйымдастырылған. Осы кезде сыныптар кезекпенен асханаға барып тамақтанады. Күнделікті ас мәзірін мектебіміздің медбибісі құрастырып мектеп директорымен бекітіледі. Мектебімізде екі ауысымда да буфет жұмыс істеп тұрады. Асханада мұғалімдерден кезекшілік ұйымдастырылған.

  1. 2019 – 2020 оқу жылына ата – аналар комитетінің, «Аналар кеңесі» мен «Әкелер кеңесі» құрамы. Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.М. Умбетова

2019 – 2020 оқу жылына

Ата – аналар комитетінің құрамы

Ата – аналар комитетінің төрайымы – Саменова Кульмара Тоқтарбайқызы

Ата – аналар комитетінің мүшелері:

  1. Байтенова Нурсулу Галымовна
  2. Бимагамбетова Жанар Оразалиевна
  3. Тулебаева Ақерке Аскаровна
  4. Исина Гульмира Маулетжановна
  5. Жакимсалова Майра Мухамедқызы
  6. Касымова Гүлзайра Кайнулловна
  7. Данебаева Қалдыгүл Камаловна
  8. Ахмедьярова Айнагүл Толебаевна
  9. Саменова Самал Дулатқызы
  10. Батина Гүлмира Есмағазановна
  11. Досыбаева Гүлмира Асубаевна
  12. Малгаждарова Бақытгүл Темірболатовна
  13. Усенова Бахтыгүл Хантемировна

Әкелер кеңесі

Жалпы ережелер:

  1. «Әкелер кеңесі» мен «Аналар кеңесі» қоғамдық ата – аналар ұйымы болып табылады. Оқушыларды тәрбиелеуде әке рөлін нығайту мақсатында құрылған және мектеп өміріне белсенді араласуға ұстаздардың ағартушылығы.
  2. Әкелер кеңесі ата – аналар қауымдастығымен және бастамасымен 1 жыл мерзімге құрылады.
  3. Әкелер кеңесінің құрамы жалпы мектепішілік ата – аналар комитетімен бекітілген.

Әкелер кеңесінің негізгі міндеттері:

         Әкелер кеңесінің басты мақсаты – отбасы мен мектептің тәрбие жұмысындағы тығыз байланысы, оқушылар арасындағы жағымсыз әрекеттердің алдын алу болып табылады.

  1. Әкелер кеңесі оқушылардың дер кезінде орта білім алуына көмек көрсетеді
  2. Әкелер кеңесі мектептің даму шарттарын қамтамасыз етуге қатысады.
  3. Әкелер кеңесі ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырады.
  4. Әкелер кеңесі оқушылармен мамандық таңдау жұмыстарының жүргізілуіне қатысады.
  • Балалардың құқықтық тәрбиесінде әлеуметтік психологиялық қызметтермен біріге әрекет етеді.
  • Сәтсіз жанұялармен алдын алу жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады
  • Жағымсыз әрекеттерді болдырмауға және салауатты өмір салтын ұстануға сынып жетекшілеріне көмек көрсетеді.
  • Ер мінезділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін іс – шараларға қатынасады.
  • Ата – аналар комитеті мен ата – аналар жиналысына мәселелік сұрақтарды алып шығады.

2019 – 2020 оқу жылына арналған «Әкелер кеңесі» тізімі

1 «а» сынып

  1. Сапаров Даурен Талғатұлы
  2. Жантлесов Жасұлан Мұхтарұлы

1 «ә» сынып

  1. Байтенов Ерлан Жумабаевич
  2. Кудияров Самат Ахметович

2 сынып

  1. Хамзин Мақсат Асқатович
  2. Ақжолов Талғат Мейрамович

3 сынып

  1. Жамалиев Қанат Есетович
  2. Сейпиев Асет Берикович

4 сынып

  1. Рысбаев Айтбек Туленович
  2. Нукжанов Рустам Амангельдинович

5 «а» сынып

  1. Касымов Ерсайын Айдарбекович
  2. Кыйлажов Самат Шайдоллаевич

5 «ә» сынып

  1. Хамзин Азамат Ашкенович
  2. Келдегулов Жанат Танатарович

6 «а» сынып

  1. Алимбаев Мейрам Жанабекович
  2. Кожин Руслан Бексултанович

6 «ә» сынып

  1. Жаргенов Ерік Айтжанович
  2. Досщанов Қабдрашит Мухтарович

7 сынып

  1. Иманкулов Жеңіс Лесбекович

8 сынып

  1. Аппасов Қайрат Темиржанович
  2. Искаков Құмар Оразбаевич

9 сынып

  1. Муканов Қайрат Серикпаевич

10  сынып

  1. Раев Тулеш Токанович
  2. Асылбаев Темірғали Жакпекович

11 сынып

  1. Нурмағамбетов Ерик Амангельдинович
  2. Жакупов Кенжебай Айдарбекович

 

 

 

  1. Отбасындағы бала тәрбиесі. Әлеуметтік ұстаз Ж.Т.Умерзакова

Қайырлы кеш. Баяндамамды бастамас бұрын бейнетаспаға назар аударайық

(1 бейнебаян)

«Балаңды тәрбиелеп әуре болма. Ол бәрібір өзіңе ұқсайды» - деген сөзде үлкен мән мағна бар. Соны талдағым  келеді.  Біз баламыздың бір сәтте ақылды, шыншыл, тіл алғыш болғанын қалаймыз. Бірақ, бала робот емес қой. Құлағын бұрсаң қалаған бағытта, қалаған жағдайға өзгеретін.

         Ол – адам. Ол – тұлға, ол – жас шыбық.

Оның жайқалып өсіп, айналасына саясын жаяр жанашыр болып қалыптасуы немесе көлеңкесі өзгесі түгел, өзін жарыта алмас шыбықтай солып қу ағашқа айналуы да бізге, бірінші кезекте ата – анаға байланысты.

(2 бейнебаян)

Баладан мұндай сөз есту әрбір ата – анаға оңай емес. Жүрекке тиер ауыр сөз. Келісесіздер ғой?

Бұл бала, осылай болып туылды ма? Әрине, жоқ.

Кез келген бала пәк болып өмірге келеді. Кейін ата – ананың тәрбиесіне байланысты түрлі мінезге бой алдырады. Міне, ата – ананың ең басты жіберетін қателігі, ол алдымен өзін тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеуінде.

         Тәрбие – өте күрделі процесс. Біз тәрбие дегенде жұмсақ көрпеде, жайқалған дастархан басында, күрең шайды сораптап отырып айтатын салихалы сұхбат деп түсінеміз. Әрине, ол да керек. Бірақ, ол негізгі өлшем емес.

         Тәрбиеде сөзден көрі істің әсері орасан. Мысалы қандай қысылтаяң жағдай болмасын баланың көзінше ашуға берілтіп, осалдық танытпаңыз.

(3 бейнебаян)

Ендеше, баланың тосын мінез көрсетуі бұл,

  • Бір кездегі сіздің ашуыңыздың жемісі.
  • Оның өтірік айтуы сіздің телефонмен елді алдауыңыздың нәтижесі.
  • Өзің шылым шегіп тұрып қасыңыздағы балаңызға оның зияны туралы айтудың пайдасы жоқ.
  • Демек, өзіңіз өтірік айтып тұрып баладан қалай шыншылдық күтесіз
  • Өзіңіз дөрекі сөйлеп тұрып, баладан қалай биязылық күтесіз

Бүгінгі тілазар бала, ол кешегі сіз.

(4 бейнебаян)

         Керемет емес пе? Осы көріністен қазақ анасының салиқалы тәрбиесі, айбарлы әкенің орны, аяулы баланың кісі сүйер қылығы жатыр.

(5 бейнебаян)

Қарапайым телефонға, есіктің қоңырауына, тағы да басқа бала дәнекер болар «олай айта сал, бұлай айта сал», -  деген ол қылықтарды жібермеуге тырысыңыздар.

Шынында да:

  • Сіз ашуланбасаңыз балаңыз – сыпайы болады
  • Сіз ұрламасаңыз, балаңыз – адал болады
  • Сіз шыншыл болсаңыз балаңыз сізден алыс кетпейді.

Бұл дүниеде балаға берген тәрбиеден маңызды одан қауірт қандай тірлік бар? Ендеше, балаңызға үлгі болыңыз, жемісіне кенелесіз.

« Ел боламын десек – бесігімізді түзейік» деген нақыл сөзбен аяқтағым келеді.

  1. Әр түрлі мәселелер.

Бұл жиналысымызды тәмәмдайтын бөлікте ата – аналар сұрақтар жаудырып, түсінбеген жайттарына жауаптар алды.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь