Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

Отзыв на латинский алфавит

Пікір

Мемлекет басшысы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа өзгерту енгізді. Бұл өзгерістер   бізге көптеген белестерді ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шетел тілдерін тезірек үйренуге ықпалын тигізеді. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды.

Жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы.

Латын әліпбиіне көшетін болсақ, кешегі, бүгінгі рухани дүниелеріміздің бәрін сауатты қалпында аударып алсақ, кейінгі бу латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Көз— қорқақ, қол—батыр», - деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!

Ахметова Жанар Берікқызы

Ивановка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии

b034skobilim | 2018/02/20 16:36:57
Коллектив Ивановской СШ полностью поддерживает планы главы государства Н.А Назарбаева по введению Латинского алфавита и считает данную меру своевременной и необходимой в наш век информационных технологий.

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь