Ақпанның 21 күні қазақ тілі мұғалімі Альбекова Л.К. 2 «А» сынып оқушыларымен «Тігінші мен ай» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақта инновациялық технологиялар, қалыптастырушы бағалау,әртүрлі әдістер,топтық , жұптық, жеке жұмыс түрлері көрсетілді. Оқушылар сабақ тақырыбын өздері ашып, мақсатты өздері қоя білді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз байланыс көрініп тұрды.