Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

Смирнов №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсаны бойынша жетістіктері

Смирнов №1 орта мектебінде төрт қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қызмет етеді. Олар: Альбекова Л.К., Науразбаева А.У., Бимагамбетова Ж.О. және Мукажанова Г.Е.  Мұғалімдердің барлығы да  жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Оқу жылының басында қазақ тілінің барлық мұғалімдері «Учусь учить дистанционно» курсын қашықтықта оқып, сертификатқа иеленді.
 Осы оқу жылының  бірінші тоқсанын қорытындылайтын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетістіктерін ерекше атап өтуге болады. Атап айтқанда, ұлы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  жоғарғы сыныптар арасында  «Абайтану» атты бейнетүсірілімдер байқауы өткізілді. Бұл сайысқа мектеп оқушылары белсенділік танытып, Алпысбаева Мадина 1-орын, Базарбай Дәнекер 2- орын, Қазбек Алина 3-орынға иеленді. Тілдер күні қарсаңында бастауыш сыныптар арасында  «Отан ана» тақырыбында суреттер байқауы өткізілсе,  сол сияқты оқушылар өз еліне деген ықыласын   тақпақтар жарысында да көрсете білді.Жоғарғы сынып оқушылары осы онкүндік ішінде аудандық кітапхана жарысына да қатысып, ұлы Абай атамызды мақтан тұтатындығын көрсетіп, дәлелдей білді. Бұл сайыста Герасимов Даниил өзінің туындысын паш етсе,  Алпысбаева Мадина Абай атамыздың қара сөздерін  күйге қоса айтып, жүлделі орынға ие болды.
Альбекова Л.К.-ның оқушылары қазақ тілі пәні бойынша «Победитель»  бірінші Республикалық олимпиадасына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Лязат Кеңесқызының жетекшілігімен  11-сынып оқушысы Филатова Валерия «Исторические места Аккайынского района»  атты ғылыми жобалар байқауынан аудан бойынша екінші орынға иеленді.
Науразбаева А.У. Республикалық рейтингілік  қашықтықта олимпиадаға дайындағаны үшін екінші бағыттағы дипломмен марапатталды.
Бимагамбетова Ж.О. – әдістемелік бірлестіктің жетекшісі. Жанар Оразалықызы білім саласында адал еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Оның басшылығымен Анофьянова Аружан «Ара балының адам өміріне пайдасы» атты жобасымен «Зерде» байқауында аудан бойынша 1-орынға ие болды.  
Мукажанова Г.Е  «Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  ұстаздар арасында олимпиада» жеңімпазы атанса, ал оқушылар арасында Пенькова  Анжелика  екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Биылғы оқу жылының І тоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша үлгерім сапасы 100%, білім сапасы 75%-ды құрады.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь