Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Образованная страна

BILIM land

block2_eop.png?_=1495528991
<

 введите текст 

введите текст

«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы.

«Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен желтоқсан  айының 07-сі мен  желтоқсан айының 11-і аралығында «Тілім менің-тірлігімнің  айғағы» атты  қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Апталық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытындысын өткізді.
    Заукен  Айтпаевна    11-сынып  оқушылармен    апталықтың   ашылу салтанатын өткізді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Қазақ тілі апталығының   ашылу салтанаты  жақсы деңгейде өтті.



8  желтоқсан   күні  бастауыш сыныптар арасында  «Сөзжұмбақтар, ребустар, суреттер  көрмесі»  өтті.  Бұл сайысқа  бастауыш сынып оқушылары белсенді   қатысты.


   08  желтоқсан күні  Муканова Әлия Сагындыковна  4 «а»   сынып оқушылардың  қатысуымен   «Мемлекеттік  тіл-менің тілім»  атты видео презентазияны  даярлады.Оқушылар тіл,Отан туралы өлеңдерді   нақышына келтіріп орындады.

9 желтоқсан күні  Есенеева Заукен Айтпаевна 7-11 сыныптар арасында   Ахмет -Байтұрсыновтың  мысалдарын   оқу сайысын өткізді. Сынып оқушылары  Ахмет Байтұрсыновтың  өлеңдерін нақышына келтіріп орындады.


9  желтоқсан күні  Назарова Жанна Кереевна  3 «б»  сынып арасында    «Бәрін  білгім келеді»   сайыс сабағын өткізді.   Оқушылар  қоржыннан  сықырлы сұрақтарға  толықтай  жауап беріп,  өз  ойларын  жеткізе  алды.

10  желтоқсан күні  Ильясова Айгүл Омирзаковна   4 «б»  сынып   оқушылармен  бірге «Ою хан мен жою хан»    ертегісін   өткізді.Оқушылар  қазақ халқының  оюларымен  танысып,  олардың   түрлерін  ажыратып,жасалу  жолдарымен танысты. 



11  желтоқсан  күні    Жангарина Айман Ермековна   10 сынып оқушылармен  бірге «Мәңгілік    ел- мәртебелі   тіл»    сыныптан тыс іс-шарасын  өткізді.Оқушылар тіл туралы    өлеңдерді,  нақыл сөздерді    мәнерлеп жатқа айтты.

 
                                                   

Апталықтың соңғы күні салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, дипломдар мен алғыс хаттар берілді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде  өткізілді.
              Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестіктің жетекшісі:  А.Е.Жангарина

 






 





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь