Смирнов №1 орта мектебінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне өткізетін іс – шаралар тізімі
Смирнов №1 орта мектебінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес 5 -17 қыркүйек аралығынада өткізілген
іс – шаралар туралы есеп.
Р/с | Іс-шараның атауы | Іс-шараның басталуы | Нәтижесі |
1 | Тілдер күніне арналған линейка | 06.09.2021 | 7 «б» сынып Альбекова Л.К. |
1 | Тілдер жарысы «Тіл асыл қазына» | 7.09.2021 | 10 сынып Мукажанова Г.Е. |
2 | Музыкалық флешмоб «Қазақтың жүз әні» | 8.09.2021 | Есмуканов С.М |
3 | Литературная гостиная | 9.09.2021 | 7 «б» класс Таймуканова М.Т. |
4 | «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» | 10.09. 2021 | 11 сынып Куанышова А.М. |
5 | «English is fun» | 11.09.2021 | 2 класс игра - конкурс |
6 | Қызықты қазақ тілі | 13.09.2021 | 4 «б» Бимагамбетова Ж.О. |
7 | «Сауаттылар» сайысы | 14.09. 2021 | 2-11 сыныптар. Қазақ тілі мұғалімдері |
8 | " Family, numbers and animals" | 14.09.2021 | 5 класс виктарина Габбасова Д.Б. |
9 | "Звездный час" | 15.09.2021 | 10 класс конкурс выразительного чтения. Жулдоспаева Г.М. |
1 | «Ахмет Байтұрсынұлы кемеңгер қоғам қайраткері» | 16.09.2021 | 5 сынып. Науразбаева А.У. |
14 | Подведение итогов | 17 сентября 2021 | 1 – 11 классы онлайн формат |
2021 жылдың 6 қыркүйегінде оңкүндіктің ашылу салтанатына байланысты 3 қоңыраудан мектеп қоңырауының орнына қазақтың Құрманғазы күйін қойын, барлық 3 қабақта дауыстап апталықтың басталғаны туралы хабарланды. Сонымен қатар 7 «Б» сынып оқушылары Альбекова Л.К мен бірге ленейка өткізіп барлығын құттықтады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукажанова Г.Е. жетінші қыркүйек күні 10-сынып оқушыларының арасында «Тіл – асыл қазына» атты тіл білгірлерінің сайысын өткізді. Сайысты бастамас бұрын оқушылар тіл мәртебесіне байланысты бейнероликтерді тамашалап, өздерінің рухтарын көтерді. Интербелсенді тақтадан виртуалды кітап көрмесін тамашалады. Сонымен қатар еліміздің ұлы тұлғаларының тіл жайлы айтқан пікірлерімен танысты. Оқушылар блиц-турнирге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсете білді. Бұл сыныптан тыс іс-шара мұғалім мен оқушылардың көңілінен шықты.
Қыркүйектің 8 күні музыка мұғалімі 6 -сыныбпен 100 қазақ әніне арналған «Әуенді тап» музыкалық ойын -сауық бағдарламасын өткізді Ойынға «Өрмекші» атауымен 2 команда қатысты
«Бүркіт». Ойын 2 турдан тұрды. Бірінші турда біз қандай музыкалық аспап туралы айтып отырғанымызды болжау керек болды. 2 -турда мультфильмдерден музыка ұсынылды. Қатысушылардың міндеті - қай мультфильмнен мүмкіндігінше тезірек таңдау. Қатысушылар балалар әуендерін мультфильмдер мен фильмдерден бірінші әуеннен тапты, содан кейін олардың барлығын бірге қуана орындады. Кезеңнің соңында қай команда көп ұпай жинады (нота), ол супер ойынға кірді. Олар барлық сынақтардан абыроймен өтті.
2021 жылы 9 қыркүйекте орыс тілі мұғалімі «Әдеби демалыс. Ыбырай Алтынсарин» атты іс -шара өткізді.Мақсаты - оқушылардың туған халқының тіліне деген құрмет сезімін оятып, Ыбырай Алтынсарин шығармашылығымен таныстыру.Шара барысында оқушылар жазушының өмірімен танысып, Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» шығармасын сахналады және өлеңдерін жатқа айтты.Кеш қызықты және тартымды өтті.
9 қыркүйек күні жас мұғалім Қуанышова А.М үйде оқитын 11 сынып оқушысы Шалкенова Алтынаймен «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тәрбие сағаты өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу болды.
Іс-шара Ғабит Мүсірепов, Сабит Мұқанов, М.Әуезовтың тіл туралы айтқан сөздерінен бастау алды.
Осы мерекені жалғастыра отыра, 10 кыркүйегінде ағылшын мұғалімі Урдабаева И.М 7 сынып оқушыларымен ағылшын тілінен “English is fun” атты тәрбие сағаты өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты- балалардың алған білімдерін пайдалана отырып,Қазақстан Руспубликасының тілдер күні мерекесіне байланысты сайыс арқылы ағылшын тілінен сөздік қорларын кеңейтіп,білімдерін арттыру болды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылармен «Polyglot» атты ойынын ойнау арқылы оқушылар үш тілде жұмыс жасады.
Тілдер оңкүндігінің екінші аптасы, 13 күні қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. 4 «Б» сынып оқушыларымен «Өз туым» атты тәрбие сабағын өткізді. Бұл сабақты әнұранмен бастап, балалар ту, елтаңбаны еске түсірді. Сабақта балалар өз отанына деген сүйіспеншілігін, махаббатын жеткізіп, балалар білген ақпараттарын топтан – топқа айтып отырды. Балалар сабақ үстінде өте ұйымшыл, білгір және достығы жарасқан сынып болды.
14 қызкүйек күні ағылшын мұғалімі Гаппасова Д.Б 5 сынып оқушыларымен « Family, numbers and animals» атты іс- шара өткізді. Сабақта балалар өздері сөйлемдер құрап, елдер достығы тақырыбында да сөз сөйледі. Сабақ қызықты және тартымды өтті.
Тілдер оңкүндігіне орыс тілі мұғалімі Жулдоспаева Г.М 15 қыркүйек күні 10 сынып оқушыларымен «Звездный час» атты іс – шара өткізді. «Поэзия - тілдің әміршісі» - бұл сөздер әлем тілдері туралы қызықты мәліметтермен мазмұнды презентациямен бірге жүретін әдеби қойылымды бастады. Жігіттер жарқын, жанданған костюмдерді алды. Олар шет тілдеріндегі: украин, белорус, қазақ, башқұрт, татар, ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі өлеңдерді мәнерлеп оқу қабілетін көрсетті.
Оңкүндіктің соңғы күні, яғни 16 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Науразбаева А.У 5 сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы кемеңгер қоғам қайраткері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ халқының Алаш қайраткері, ірі ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, қазақтың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы үшін сіңірген зор еңбегін дәріптеу.Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен танысты.Іс-шара соңында викторина өткізіліп, оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді.
Осылай, биыл Қазақстан республикасың тілдер оңкүндігін өткіздік. Әр мұғалім, әр оқушы бұл мерекеге қатысуға тырысып, өз ербегін сіңіртті. Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Сондықтан да өз тілімізді қорғап, өзге тілді құрметтей білейік!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии